Өнегелі өсиет Ықылым заманда бір келіншек үйдің ауласына шыққанда, есігінің алдында үш ақсақалдың отырғанын көреді. -Мен сіздерді танымадым. Бірақ байқағаныма қарағанда шөлдеп, қарындарыңызда ашып қалған болар.Үйге кіріп дәм ауыс тиіңіздер деп құрмет көрсетеді. -Шаңырақтың иесі отағасы үйде ме? -Жоқ, отағасы сыртта жүр. - Оның өзі болмайынша үйге кірмегеніміз дұрыс болар. Кештетіп үйіне оралғаннан күйеуіне әйелі мән-жәйді түсіндіріп, болған әңгімені бүге-шүгесіне дейін айтып береді. - Олай болса, менің келгенім жайлы оларға хабар бер, қонақ болсын! –дейді. Әйелі үй ауласына шығып азаннан-кешке дейін тапжылмай отырған аксақалдарға күйеуінің сәлемін жеткізіп, үйге кірулеріне өтініш білдіреді. -Бәріміз бір мезетте бірге кіре алмаймыз деп ақсақалдар қарсылық білдіреді. -Әйел де неге кіре алмайсыздар? деп таңырқап сұрайды. Ақсақалдардың біреуі оның аты «Байлық» деп қолын нұсқап көрсетеді. Келесі «Табыс» ал мен болсам «Сүйіспеншілікпін» ендеше отағасы қайсымыздың үйіне қонақ болуымызды қалайды соны айтсын дейді. Әйел ақсақалдардың айтқанын күйеуіне жеткізеді. Күйеуі де не деген керемет! Үйімізге байлық кірсін. Үйімізді байлыққа толтырайық деп қуана-қуана шақыруын бұйырады. Бірақ күйеуінің қабылдаған шешіміне әйелі қарсылық білдіреді. Әйелі: Отағасы неге табысты шақырмаймыз? - деп наразылығын білдірген уақытта әңгімеден хабардар болған келіндері сүйіспеншілікті шақырайық деп ұсыныс білдіреді. -Сүйіспеншілікті шақырсақ болмай ма? Сүйіспеншілікті шақырсақ шаңырағымыз сүйіспеншілікке толар еді деген екен. -Келіндеріміздің өтініштеріне құлақ асып сүйіспеншілікті шақырайық деп келісім береді. Сыртқа шығып сүйіспеншіліктің қонақ болуын талап етеді. Әйелі де сырттағы ақсақалдарға барып сүйіспеншіліктің кіруін талап етеді. Сүйіспеншілік ақсақалы да орнынан тұрып ішке қарай қадам басқанда, артынан байлық пен табыста ілесе түседі. Әйелі таңқалып: Мен тек сүйіспеншілікті шақырдым, сіздерге не жоқ? - деген де байлық пен табыс бір ауыздан былай деп жауап берген екен: Егер байлық немесе табыстың біреуін шақырғанда келесі екеуі қалар еді. Бірақ сен сүйіспеншілікті шақырдың. Олай болатын болса сүйіспеншілік қайда барса, бізде сонда барамыз. Өйткені қай жерде сүйіспеншілік болса, сол жерде табыс пен байлық та болады деген екен... Нұрдәулет Төрежанов